Егемендіктің алғашқы серпілісі
Кеңес Одағының ыдырауы көптеген елдер арасында үрей туғызды. Әсіресе, АҚШ бөлініп кеткен елдер арасында өзара азаматтық соғыс басталып кетеді ме екен деп қорықты. Батыстағы бірқатар елдің басшысы Одақтың ыдырауын қолдамады.
1990 жылдары Кеңес Одағының ыдырайтыны көптеген елдер үшін белгілі жағдай болды. Себебі, елде тауар айналымының болмауы, азық-түліктің жетіспеуі және тағы басқа да құрдымдар орын алды. Халық бір үзім нан алу үшін кезекке тұрып, тіпті азық жетпей қалатыны жиі байқалды.
Егемендіктің алғашқы жылдары Одақтан шыққан елдердің барлығы үшін оңай болмады. Саяси негіздерін орнатып, экономиканы жаңа деңгейде құрып, дамыту ауыр да, талан-таражға толы болды десек артық емес.